Студенттер арасындағы фотобайқаудың нәтижесі жарияланды
Студенттер арасындағы фотобайқаудың нәтижесі жарияланды
314
оқылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеялық құндылықтарын іске асыру халқымыздың төл мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтудің мәні зор.

Жыл сайын мейрам қарсаңында елімізде мерекелік іс-шаралар өтіп, алаңдарда наурызкөже мен ұлттық тағамдар пісіріліп, ән мен биден шашу шашылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылатын. Биыл карантин талаптарына байланысты бәрі өзгеше өтті. Бұл орайда, университеттік «Рухани жаңғыру» орталығы қауіпті індеттің таралуының алдын алу мақсатында Наурызды отбасында қарсы алуға шақыратын – #NAURYZUYIMDE студенттік фотобайқауын жариялады. Байқаудың мақсаты – Наурыз мерекесін үйде, отбасымен қарсы алу ерекшелігін көрсету болды.    width= Фотобайқау барысында студенттер пандемиялық жағдайда наурызды үйінде қалай қарсы алғандарын көрсететін – «Дәстүр», «Ұлттық нақыш», «Наурызкөже», «Өнеге», «Туған жер» номинациялары бойынша ең үздік фотоларын жолдады. Нәтижесінде, «Дәстүр» номинациясы бойынша ФКИИ 1-курс студенті Марал Сағат үздік атанды. «Ұлттық нақыш» номинациясын ФКИИ-дың 1-курс студенті Ырысты Айтқожа, ал «Наурызкөже» номинациясын СҚИ-дың 3-курс студенті Ақшолпан Қонысбаева иеленді. «Өнеге» номинациясында ФМИИ 2-курс студенті Алтынай Ізтай үздік атанса, «Туған жер» номинациясын МФИИ 1-курс студенті Салтанат Айтбекова иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен арнайы сертификатпен марапатталды.