Әйелдің киімін киген ер адам несие беретін ұйымның кеңсесін тонап кетті – видео
Әйелдің киімін киген ер адам несие беретін ұйымның кеңсесін тонап кетті – видео
107
оқылды

Шығыс Қазақстанда 21 наурыз сағат 11:30-да Риддер қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан микроқаржы ұйымының кеңсесі  тоналғанын хабарлады.

Жәбірленуші ірі көлемдегі қаржыны ұрлаған қаскөй әйел адам болды деп айтқан. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер ұрыны бас-аяғы бір сағаттың ішінде ұстады. Ұрының Риддер қаласының 45 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол Риддер қаласында базарда орналасқан пайызсыз қарыз беретін микроқаржы ұйымының кеңсесін тонаған. Әйелдің киімін киген ер адам адам танымастай болып өзгерген. Ол кеңсеге кіріп, ойыншық тапаншамен қорқытып, менеджерден ірі көлемдегі қаражатты ашық түрде ұрлады. Оқиғаға қатысты тексеру басталды.   https://youtu.be/ibBQ-YaZVR8