Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңгені қайтадан төлеу жоспарда жоқ екенін хабаралады, – деп жазды Tengrinews.kz.
Министрліктің мәліметінше, төтенше жағдай режимі мен карантин кезінде табысынан айырылған тұрғындарға 42 500 теңге төленген болатын. Жалпы сомасы 476,3 миллиард теңге төлемді 4,6 миллионнан аса адам алған еді.«Қазақстан өңірлерінде жекелеген қызмет түрлеріне және қысқа мерзімге, негізінен, демалыс күндеріне шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Бүгінде бизнесті қолдау ретінде жеңілдіктер (салық және өзге де есептілікті тапсыру, қызметті тексеруге мораторий) енгізілген. Осыған байланысты 42 500 теңге төлемді қайта бастау туралы мәселе қаралмайды», – деді министрлік өкілі.
Бұған дейін 42 500 теңге алғандар сотталмайтыны туралы жазған болатынбыз.