Алматы әуежайына ПТР-анықтамасыз ұшып келген Тәжікстан азаматы депортацияланды
Алматы әуежайына ПТР-анықтамасыз ұшып келген Тәжікстан азаматы депортацияланды
107
оқылды
31 наурызда Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Грузия, Беларусь, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 42 халықаралық әуе рейсімен 5 164 жолаушы келді. Олардың ішінде 5 135 адамда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама болса, қалған 29 ҚР азаматы тиісті анықтамасыз келген.
  • Алматы әуежайына – 19 рейс (2 504 жолаушы, анықтамамен – 2 487, анықтамасыз – 17);
  • Шымкент әуежайына – 12 рейс (барлық 1 352 жолаушы анықтамамен келген);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 6 рейс (568  жолаушы, анықтамамен - 557; анықтамасыз – 11).
  • Ақтау әуежайына – 2 рейс (барлық 292 жолаушы анықтамамен келген).
  • Ақтөбе әуежайына – 1 рейс (барлық 240 жолаушы анықтамамен келген);
  • Орал әуежайына – 1 рейс (барлық 70 жолаушы анықтамамен келген);
  • Атырау әуежайына – 1 рейс (138  жолаушы, анықтамамен - 137; анықтамасыз – 1).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде. Сондай-ақ 30 наурызда шет елден анықтамасыз келген 15 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсеткен. Айта кететін бір жайт, 26 наурызда Душанбе – Алматы әуе рейсімен ПТР-анықтамасыз ұшып келген Тәжікстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.