Заңгер Болатбек Ержан егер іс сотқа дейін жетсе, Қайрат Закирьяновқа қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес, «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша жүргізіліп жатыр.
Заңгердің пікірінше, Қайрат Закирьяновтың кінәсі дәлелденсе, ең кемі 3000 АЕК айыппұл төлейді немесе егер қылмыстық іс топпен жасалса, ең ауыр жаза 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сонымен бірге кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес оның мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айырылады.
«Осы бап бойынша биыл 16 іс сотқа дейін жетіпті. Егер осы іс сотқа жетсе, қылмыс жасағаны үшін академия онымен еңбек шартын бұза алады. Содан кейін аңшылықпен, не осындай қылмыс істеуге ықпал ететін өзге қызметпен айналысу құқығынан айырылады», – деп жауап берді заңгер.
Айта кетейік, Спорт және туризм академиясының президенті желіде жарияланған суретке қатысты берген пікірінде қар барысының муляжы мен сілеусіннің терісі сыйға тартылғанын, ал арыстанды үш жыл бұрын Оңтүстік Африкадан өзі аулағанын айтты.
[caption id="attachment_124709" align="aligncenter" width="960"]