ІІМ өкілі 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді
ІІМ өкілі 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Ерден Шүлден қатыгездікпен өлтірілген 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеу қалай жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Бұл қылмыстық іс бойынша еш ақпаратты жария етуге болмайды. Сондықтан қандай да бір мәлімет беруге құқымыз жоқ. Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс 26 наурызда Арнайы прокуратура қызметіне берілді», - дейді Ерден Шүлден брифингте.
Бұған дейін күдіктінің 19 жастағы Аяжан Еділованы қалай өлтіргенін айтқанын жазған болатынбыз.