Таразда той кортежі жол ережелерін өрескел бұзған
Таразда той кортежі жол ережелерін өрескел бұзған
179
оқылды
Таразда көптеген жол ережесін бұзған той кортежі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Төрт жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты бес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, деп хабарлады Polisia.kz. Lada 211440 және Audi A6 автокөліктерінің жүргізушілері жол беру ережесін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Тағы бір жүргізуші жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлейді, өйткені оның жолаушылары көлік жүріп бара жатқанда автокөліктің терезесінен басын шығарған. Mercedes-Benz E350 жүргізушісіне маневр жасау ережесін бұзғаны және жол белгілерінде көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін хаттама толтырылған. Сондай-ақ, полицейлер Mercedes, ВАЗ 21074 және Toyota жүргізушілерінің бұрылу кезінде тұтас қос сызықты кесіп өткенін анықтады. Бұл құқық бұзушылықты жасағандар алты айға жүргізуші куәлігінен айырылады. https://www.youtube.com/watch?v=VCMqjR9Loro&feature=emb_title