Әлем чемпионаты 2022: Қазақстан құрамасының рейтингі жоғарылады
Әлем чемпионаты 2022: Қазақстан құрамасының рейтингі жоғарылады
184
оқылды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Украинамен тең ойнағаннан кейін Еуропа аймағында өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатының барлық іріктеу рейтингіндегі позициясын жақсартты. Қазіргі уақытта тізімде алты позицияға жоғарылап, Босния мен Герцеговинаны басып озған Қазақстан құрамасы рейтингтің 38-ші орнынан көрінді. Грузия, Словения және Уэльс біздің құрамадан жоғары орналасқан. Дания құрамасы ағылышындарды бірінші орыннан ығыстырып, рейтингте көш бастап тұр. Қазақстан ұлттық құрамасы соңғы кездесуде Украинамен тең ойнап, алғашқы ұпайына қол жеткізді. Осылайша құрам топта соңғы орынға жайғасқан.