Алматы көшелерін қалың қар басып қалды
Алматы көшелерін қалың қар басып қалды
125
оқылды
Алматы қаласында 1 сәуірде таңертең жаңбыр жауып, соңы қарға ұласты. Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша тау етегіндегі аудандарға 10- 12 см , қалада 3- 5 см қар жауған. Қаланың орталық бөлігінде қар тазалау жұмыстары 17:00-де басталған. Қар жауғаннан бастап қаланың жоғарғы бөлігіндегі жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілген. Қар тазалау жұмысына 491 техника бірлігі, оның ішінде 114 құмлақтырғыш жұмылдырылған. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған. Мыңнан астам жұмыскер қазір көшелердегі қарды күреуде. Түнгі уақытта 371 арнайы техника, оның ішінде 127 құмлақтырғыш, сондай-ақ 400-ге жуық жол жұмысшысы шығады деп жоспарланған.