Қазақстан Ұлттық Банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченконың ұлы қайтыс болды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
"Ол жазатайым оқиғадан қайтыс болды. Оның жасы небәрі 24-те еді", - деді Григорий Марченко басылымға берген сұхбатында.Григорий Марченко - қазақстандық қаржыгер, екі рет Ұлттық банктің төрағасы болған. 2011 жылы ол Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы лауазымына ТМД елдерінен ұсынылған. Григорий Марченко 1959 жылы 26 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген. 2020 жылдың қазанында Григорий Марченко Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалған.