Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
5,058
оқылды
«Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше өңірінде 2 сәуірге дауылды ескерту жариялады. 2 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ: 2 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 17-22 м/с. Ақтау қ. бойынша: күндіз 02 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.  Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қ.: 2 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.