Еуразиялық одақ алтынға ден қойды
Еуразиялық одақ алтынға ден қойды
92
оқылды

Қазақстандық зергерлік бұйымдарды Еуразиялық одақ елдеріне экспорттау жеңілдей түсетін болды. Сенаторлар Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың тө­рағалығымен өткен жалпы отырыста бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдарға қосымша сынама салуды болдырмайтын заң қабылдады. Яғни, енді қазақстандық сынамасы бар зергерлік бұйымды одақтың барлық елінің аумағында қайтадан сынамадан өткізбей-ақ, саудаға шығаруға жол ашылады.

Мұндай жаңалықтар «Еура­­­зиялық экономикалық одақ шең­­­­­берінде бағалы металдармен және асыл тастармен опера­­­­ция­­ларды жү­­­­­зеге асыру ерек­­ше­лік­­тері ту­ралы келісімді рати­­фи­­­­кациялау туралы» заңда жа­­­­зыл­­­­­­ған. Бұл Ке­­лісім бір жағынан қа­­зақ­стандық нарыққа сапасыз зер­герлік ши­­­кізат әке­луден қор­­ғауға мүмкіндік береді. Ал екін­­ші жағынан, аф­­­­финаж ал­­­тынын өн­діруді ұл­­­­­ғай­­­­туға және ЕАЭО ке­­дендік ау­­ма­­­­­­­ғында бағалы ме­тал­­­дар мен тас­­­­тардың еркін ай­на­лымы үшін қа­­жетті жағдай жа­сауға септеседі. Отырыста қабылданған тағы бір заң мемлекетаралық стан­­­­­­­­дарттауды жетілдіруге, сондай-ақ ТМД Стан­­­дарттау, метрология және серти­­­фикаттау жөніндегі мем­­­лекет­аралық кеңесі қабыл­­­­­­­дайтын құ­­­жаттарды тарату және пайдалану қағидаттарының бір­­­­лігін қам­­­тамасыз етеді. Нор­ма­­­лар «Мемле­­­­­­кетаралық стан­­дарт­­­тау жө­ніндегі құжаттарды тарату тура­­лы келісімді ра­тифи­­кациялау ту­­­­ралы» жаңа заңда жа­зылған. Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаны соттал­­­ғандардың өздері азаматтары бо­­­­­лып табылатын мемлекеттерде өтеуі үшін жағдай жасайтын заңды да сенаторлар құптады. Ол заң «Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­­­­­­­тасты­­ғына қатысушы мем­­­­­лекеттердің бас бостандығынан айырумен байла­­­­­­нысты емес жазаларды орын­­­­­­дауды беру ту­­­ралы конвен­­­циясын ра­­­­ти­­фика­циялау туралы» деп аталады. Сенат Төрағасы Мәулен Әшім­баев заң жобаларын қарау­ды қорытындылады. – Бүгін қабылданған заңдар ТМД және ЕАЭО аясында мем­­­­­лекетаралық ынтамақтастықты одан әрі нығайтуға арналған. Олар азаматтардың құқығын қорғауды күшейтуге, ТМД  дең­­гейінде мем­­лекетаралық стан­­­дарттау жүйесін тиімді пайда­­­­лануға, сонымен қа­­­­тар Еуразия­­лық одаққа мүше ел­­­­дерде бағалы металдар мен асыл тастар на­­­ры­ғын дамытуға мүм­­­кіндік береді, – деп атап өтті.

Елдос СЕНБАЙ