Ұлттық стандарт үстем болады
Ұлттық стандарт үстем болады

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төраға­­лығы­­мен өткен палатаның жалпы оты­рысында Еуразиялық эко­­­­­­­­­­­­номикалық одақ елдері өнім­­дерінің қауіпсіздігін қам­­­та­­­масыз етуге бағыт­­­талған ра­­­­­ти­­фикациялық заң жобасы ма­­­құлданды. Депутаттар Үкі­­­­мет мүшелеріне осы заң әке­­­­летін өзгерістерге өнді­­­­­ру­­­­­ші­лерді қазірден әзір етуді жүк­теді.

Тұтынушылар мен кәсіп­­­­кер­­­лер мүддесін қозғайтын заң жоба­­сы «Еуразиялық эконо­­­­­ми­калық одақтың техникалық рег­­ла­­мент­­терінде талаптар бел­гі­лен­беген өнімнің Еуразиялық экономи­­­калық одақ шеңберіндегі айналы­сының тәртібі және мұн­дай өнім­нің қауіпсіздігін қамта­масыз ету қағидалары туралы келісімді ра­­­ти­­­­­­­­фикациялау тура­лы» деп аталады. Келісімге сәйкес, одақ елдері осындай өнімдерді айналымға шы­­­­­ғару қағидаларын және оның қауіп­­­­­­сіздігі талаптарын өз заңна­­­масында бекіте алады. Министр­­­дің дерегін­­­­­ше, қажетті қағидалар әзір және оларды сынақ түрінде шығару биыл мамыр айына жос­­парланып отыр. Заңнамалық түзетулердің 2021 жылғы 1 шілдеде күшіне ене­­­­­­­тініне назар аударған Мәжіліс Төрағасы осындай өнімді өндіру­­­­шілерді жаңа жағдайда жұмыс істеудің ерек­­­­шеліктері туралы уа­қытылы ақ­­­параттандырудың маңызына екпін берді. – Кәсіпкерлер қағидалармен күнібұрын таныс болғаны жөн. Өйткені жаңа жағдайда жұмыс жүргізуге дайындалу үшін уақыт керек. Адамдар қандай ұлттық стан­­­­­дарттарды басшылыққа алуы, сондай-ақ ұлттық стан­дарттар талап ететін болса, қандай ак­­кредиттелген зертха­­наларға жү­гінуі тиістігін ертерек біліп отыруы қажет. Егер стан­­­­дарттар жоқ болса, онда өнімнің жалпы қауіпсіздігі туралы декла­­­рациялар қалай тол­ты­­рылатынын ұғынғаны аб­зал, – деді Нұрлан Нығматулин. Сонымен қатар жалпы оты­­­рыста депутаттар «Квази­мемле­­­­­кеттік сектордың жекелеген субъек­­­­­­­­­­­­тілерінің сатып алуы тура­­­лы» және оған ілеспе заң жоба­­­ларын II оқылымда мақұл­­дады. Жұмыс тобында заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар бір­қатар түзету енгізді. Құжат Сенаттың қарауына жол­данды.

Айхан ШӘРІП