Мәжіліс Төрағасы Германия елшісін қабылдады
Мәжіліс Төрағасы Германия елшісін қабылдады
104
оқылды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Германия Фе­­­деративтік Респуб­­­лика­­­­сының Қазақстандағы Тө­­­тенше және өкілетті елшісі Тило Йоханнес Клиннермен кез­десті.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңі­­­регінде ортақ ойларымен бөлісті. Әсіресе, парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға көңіл бөлінді. Қазақстанның Тұңғыш Пре­­­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев Гер­­­манияны Еуропалық одақ шең­­­­­беріндегі Қазақстанның маңыз­­­ды стратегиялық әріптесі ретінде қа­­рап, елдеріміз арасын­дағы ын­­­­­ты­­­мақтастықты дамытуға зор көңіл бөлгенін алға тартқан Мә­­­­­жіліс Спикері Қазақстанның қа­­­­­зіргі Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың Германияға сапары екіжақты бай­ланысты одан әрі тереңдетуге зор ықпал еткенін атап өтті. Алдағы жылы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл то­­лады. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, осы уақыт ішінде қос мем­­­­лекет арасында сенімді саяси диалог орнап, қажетті құқықтық база қалыптасып, сауда-эконо­ми­­­калық әрі мәдени-гумани­­­­тар­­­­лық ықпалдастық қарқынды да­­­мыды. Н.Нығматулин Қазақстан екі­жақты қарым-қатынасты нығай­­­туға мүдделі екенін айта келіп, осы жолда заңнамалық органдар ара­­сындағы ынтымақтастықтың маңыз­ды­­­­лығына тоқталды. Осы орайда, екі елдің парламенттік делегацияларының жиі іссапарлар мен кездесулер ұйымдастыруы пар­­­­­­ламентаралық диалогті ны­­­­­­ғайта отырып, Қазақстан мен Гер­мания арасындағы сенім мен әріптестікті дамытуға бағытталған нақты қадам деуге болады. Өз кезегінде Т.Клиннер Қазақ­­­­стан Германияның оңтайлы сауда-экономикалық әріптесте­­рінің бірі екенін және екі ел басшыларының кездесуі елдер арасындағы ықпа­­­л­­­дастықты жаңа деңгейге шыға­­­­­­­руға серпін бергенін айтты.