Гүлмира Ибрагимова: Әйелдер жігерлі болуы керек
Гүлмира Ибрагимова:  Әйелдер жігерлі болуы керек
207
оқылды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры әйелдердің өн­дірістік міндеттерді шешуге қосқан үлесіне құрмет көрсете отырып, еншілес компаниялардың әйел қызметкерлері арасында кезекті «Көктем шуағы» конкурсын өткізді. Жеңім­паз­дардың бірі атанған «Интергаз Орталық Азия» АҚ инженері Гүлмира Ибрагимовадан байқауға қатысу неліктен маңызды екенін айтып беруді сұраған болатынбыз.

– Айтыңызшы, сіз неге өз еңбек жо­лыңызды өндірістік саламен байланыстырамын деп шештіңіз? – Мен өз мамандығымды өзім таңдадым және Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің жанын­дағы В.Горячкин атындағы Меха­ника және энергетика институтына түстім, өйткені біздің отбасымызда инженер-электрші мамандығы – дәстүрдің бір түрі. Қазір жастар арасында қандай да бір себептермен өндіріс әйелдің ісі емес деп санай­ды, бірақ бұрын осы тақы­рыпта және әйелдердің өндіріске белсенді қатысуы туралы фильмдер тү­сіріліп, құпталатын. Бүгінде мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» МГҚБ фи­лиалының электрхимқорғау (ЭХҚ) жөніндегі жетекші инженерімін және тікелей міндетім – магис­тральдық газ құбырларын жерасты коррозиясынан тиімді қорғауды ұйымдастыру. Ұзақ уақыт бойы бұл дәстүрлі ерлер мамандығы болды, бірақ қазіргі әлемде әйелдер әртүрлі салада, соның ішінде бұрын тек ер адамдар айналысқан сала­ларда да жұмыс істей алады. – «Көктем шуағы» байқауы тек әйел қызметкерлер арасында ғана өткізіледі емес пе? – Иә, дұрыс айтасыз. білесіз бе, мен үшін бұл байқау әрқашан бел­гілі бір қызығушылық тудыратын, өйткені ұйымдастырушылар өздерінің басты мақсаты ретінде жариялаған міндеттер менің жеке ұстанымыма сәйкес келеді. Менің айтайын дегенім, біздің елімізде өндірістік мамандықтар әлі де жеткілікті түрде танымал емес, сонымен қатар әйелдер арасында да. Менің ойымша, олар әртүрлі компанияда одан да үлкен рөл ат­қара алар еді, бұл үшін жеке мо­тивация қажет. Өйткені әр маман өз күшіне сенімді болуы және өз міндеттерін тиімді орындауы үшін өсіп, кәсіби деңгейін көтергісі келеді. Бұл тұрғыдан алғанда, бай­қауларға қатысу және жоғары дең­гейде маңызды және техникалық күрделі жұмысты істей алатыныңды түсіну, әрине әйелдер үшін өте маңызды. – Ал сіз байқаудың өзін қалай бағалайсыз? сізге қиын болды ма? – Басында мен бәсекелестік соншалықты жоғары болады деп ойламадым, бірақ бұл нағыз сайыс болды. «Самұрық-Қазына» хол­динг­інде 300 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, олардың 28%-ы – әйелдер, яғни 83 мыңнан астам адам. Ұйымдастырушылар өздерінің бағалау жүйесін қолдана отырып, 55 қызметкерді таңдады, оның ішінде мен де болдым. Бар­лық қатысушы өте дарын­ды және өз ісінің мамандары деп айта ала­мын. Әрине, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істесем де, өз жұмысымның кез келген учаскесі үшін сенімді түрде есеп бере алатын болсам да, мен аздап қобалжыдым. Дәл осы тәжірибем маған сауалнама кезінде көмектесті, оның барысын­да ең көп балл жинаған 36 қатысу­шы анықталды. Соңғы кезең – онлайн дауыс беру, менің оған еш қатысым болмады, бірақ менің күш-жігерім назардан тыс қалмады және маған дауыс берді. – Ал әріптестеріңіз сіздің же­ңісіңізге қалай қарады? – Өте жағымды. Барлығы өте қуа­нышты болды, көбі маған қо­ңы­рау шалды. сол күні мен әріп­тестерімнен көптеген құттықтау алдым. Біздің ИОА-да бұл тұрғыда ұжым өте тату, ал бұл – аса маңыз­ды, өйткені жұмыс орнындағы жайлы атмосферада ыңғайлы жағ­дайда тиімді және өнімді жұмыс істеу әлдеқайда оңай. Мен осындай ұжымның бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын және мақтанамын. Мұнда әркім өзін маман, тұлға ретінде толық көле­мде жүзеге асыра алуы үшін барлық жағдай жасалған. Компа­ния жайлы әрі қауіпсіз жұмыс орын­дарын ұйымдастырды, өнді­ріс­ті жаңғыртуға, заманауи техно­логиялар мен бағдарламаларды сатып алуға елеулі инвестициялар салуда. Таланттарды басқару құзыреттілікті дамыту және оқыту, сондай-ақ қызметкерлерді тарту және ынта­ландыру мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Бір сөзбен айтқанда, біз басшы­лықтың қамқорлығы мен назарын сезінеміз әрі өз тарапымыздан же­місті жұмыс пен өз функционалдық міндеттерімізді кәсіби орындауға тырысамыз. – Әртүрлі өндірістік компа­ния­ның әйел қызметкерлеріне, сондай-ақ өз кәсібін енді таңдайтын қыз­дарға қандай кеңес бере аласыз? – Өз кәсібін енді ғана таңдай­тындарға мен батыл болуға, қыз­мет­тің жаңа салаларын меңгеруден қорықпауға кеңес берер едім,  Қазақстанда әйелдер ерлермен тең дәрежеде жұмыс істей алады. Бұл жерде, әрине әр адамның өз бейімділігіне байланысты және біздің елде техникалық ойлау қабілеті жоғары белсенді қыздар көп деп айта аламын. Жалпы алғанда, әйелдер үшін, әсіресе өндірістік салада біршама жігерлі болу маңызды деп ой­лай­мын, өйткені біздің қызметкер­леріміздің, оның ішінде әртүрлі байқау кезінде көрсететін әлеуеті өте зор. Сонымен қатар біздің ком­пания «Интергаз Орталық Азия» АҚ табиғи газды тасымалдаумен айналысатынын ескере отырып, біздің өндіруші әйелдер үшін «отбасының ұйытқысы» деген ұғым жаңа мағынаға ие болады. Өйткені әрбір қазақстандықтың үйіне газ кіріп, оларды жылытады, сондай-ақ тағамды ыңғайлы дайындауға мүмкіндік береді. Біз бұл жұмысқа бүкіл ел ауқымында үлес қосу­дамыз, бұл – біз үшін өте маңызды. – Әңгімеңізге рақмет!

Серік ӘЛІМЖАН