Шымкентте жалған медициналық клиника ашып, елді алдағандардың ісі аппеляциялық сотта қаралды. Екі жылда ұзын саны 668 адамның атына 125 млн теңгеден астам несие рәсімделген. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Шымкент қалалық сотына дертіне дауа табамын деп алаяққа алдағандар жиналды.Клиника ішіне жайғасқан банк өкілдері «қара тізімде» болған сіңлісіне де осынша ақшаға кредит рәсімдеп берген. Гүлнар Ерманбетова секілді алдандық дегендердің ұзын саны – 668 адам. Кейбірі жартылай ем алғанмен нәтиже көрмеген көрінеді. Былтыр қыркүйекте басталып, тоғыз ай тергелген қылмыстық іске сот нүкте қойған. Жәбірленушілердің шығынын өндіруге үкім етті. Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен былтыр қыркүйекте Ресей азаматы Алексей Гончаров 10 жылға, ал жеке клиникаларда басшылық қызметтерді атқарған жергілікті үш азаматша 5 жылдан 6,5 жылға жаза арқалаған болатын. Аппеляциялық сотқа шағым түсірген солар. Бірақ талап арызды ұзақ қараған сот алқасы ішінара болмаса бірінші сатыдағы сот үкіміне аса көп өзгеріс енгізген жоқ. Сотталғандар 2017-2019 жылдары адамдарды диагностикадан тегін өткізіп әрі емдейміз деп Шымкентте бірнеше жалған медициналық клиникалар желісін ашқан.Шымкент қаласының тұрғыны Гүлнар Ерманбетова: «Тез ем алмасаңыз жақында, соңына жетейін деп тұр екен денсаулығыңыз нашар, қайтыс болыпп кетуіңіз мүмкін» деп қорқытты, ем алуға көндірді. Сөйтіп, олардың бағасын естіген кезде мен ол 270 мыңды төлеуге шамам жоқ қой дедім. «Қазір көреміз, сіздің атыңызға кредит аламыз, 18 айда сіз құтыла саласыз ғой. Айына 15 мыңнан түседі деп көндірді», – дейді.
Алаяқтар дертіне дауа іздегендерге 125 млн теңгеден астам шығын келтірген. 120 млн теңгеден астам қаржыны Гончаров қайтаруы тиіс. Сот алқасы шығындарды қайтаруға үш ай мерзім берді.