Тергеу барысында 1986 жылы туған К.есімді азаматтың бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.
[caption id="attachment_124915" align="aligncenter" > Фото: polisia.kz[/caption] Ол шағын азық-түлік дүкендеріне келіп, садақаға арналған қораптардың ішіндегі қаржыны алаяқтық жолмен иемденген.https://youtu.be/8rkrExSnRMEАлматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов: «Ол өзін дүкеннің жұмысшыларына «медресе мұғалімімін» деп таныстырған. Бір жерде ол қораптарды ашып, ішіндегі қаржыны алған. Ал ашуы қиын болған жерде садақа жәшігін өзімен бірге алып кеткен. Тек Алатау ауданында ғана оның осындай үш алаяқтыққа қатысы дәлелденді. Қала бойынша он шақты садақа жәшігіндегі қаржыны жымқырған. Қазір күдіктіні тергеп жатыр, – деді.
Бұған дейін мешіттегі садақа жәшігіне ұрлыққа түскендер туралы жазған болатынбыз.