Қарағандылық жедел уәкілдер құны 24 миллиард теңге болатын ірі көлемде есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі дайындайтын төрт зертхананы анықтады. Оның екеуі Қарағанды облысында, біреуі Ақмолада, тағы бірі Павлодарда екені анықталды. Биыл 31 наурыз күні Ақмола облысында қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ұсталды. 30 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны үй сатып алып, оның ішінде есірткі дайындап, оны басқа өңірлерге сатпақ болған. Тінту барысында ұсталған азаматтан үш килограммнан астам дайын мефедрон, 35 литр сұйық мефедрон, 3000 литр сұйық, шамамен 50 килограмм жаппай прекурсорлар алынды.Сатуға дайындап қойған 100 мың доза есірткінің қара базардағы құны шамамен 1 миллиард 600 миллион теңге болады. Олардан 50 келіден астам есірткі тәркіленді.Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығы Ерлан Файзуллин: «Бұған дейін полицейлер Қарағанды облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қаласында қылмыс жасаған қылмыстық топты ұстады. Олардың 32 жастағы Алматы, 35 жастағы Ақмола облысы, 21 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны екені анықталды», – деді.
Сарапшылардың айтуынша, тәркіленген прекурсорлардан күдіктілер қара базарда құны 24 миллиард теңге болатын бір жарым миллион доза есірткі жасайтын еді. Бұл шамамен бүтін бір елді улауға жеткілікті.