Биылғы пітір садақаның мөлшері белгілі болды
Биылғы пітір садақаның мөлшері белгілі болды
143
оқылды

Жиында биылғы пітір садақа, зекет пен підияның мөлшері анықталды. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.

Биыл пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді.  Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Төралқа мәжілісінде тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтай отырып қысқа сүрелер оқу, ауа райы қолайлы аймақтарда мешіт ауласында өткізу, Рамазан айында Құран хатым жасайтын топтар құрып, жамағатты сауапты істерге жұмылдыру жағына басымдық беру туралы айтты.

Бұған дейін биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталатынын жазған болатынбыз.