Президентке Ерболат Досаев есеп берді
Президентке Ерболат Досаев есеп берді
140
оқылды

Мемлекет басшысына биылғы жылдың І тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы баяндалды. Ұлттық банк төрағасы әлемдік экономиканы қалпына келтіру барысында негізгі ықтимал сын-қатерлер жайында айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президентке еліміздің 2020 жылға арналған төлем балансы, жалпы халықаралық резервтердің жағдайы, алтын қорын хеджирлеу тәсілдері жөнінде мәлімет берілді. Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және Ұлттық төлем жүйесін құру тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап, тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.