Сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың мәдениетін қалыптастыру өте маңызды - Ерлан Саиров
Сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың мәдениетін қалыптастыру өте маңызды - Ерлан Саиров
108
оқылды
«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі бюросының шешімімен «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асырудың басым бағыттары бойынша 14 партиялық кеңес құрылды.
Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін қоғам мен азаматтардың алдыңғы қатарлы интеллектуалдық, ұйымдастырушылық және экономикалық ресурстары жұмылдырылғанын айта кеткен жөн.
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бүгінгі өткен кездесуде ««Nur Otan» партиясы алға қойған міндеттерді орындау үшін қоғамның әр-түрлі тараптарымен тығыз жұмыс жасайды» деп атап өтті.
Бұл жоғары, өршіл міндет, оны шешу ел азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға, ел халқының барлық топтарының әлеуметтік стандарттарын кеңейтуге ықпал етеді.
«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі бюросының шешімі бойынша маған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесті (бұдан әрі – СЖҚРҚК) басқару тапсырылды.
Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және партияның саяси менеджментіне жоғары сенім білдіргені үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді!
Бұл тапсырма мен үшін үлкен миссия және жауапкершілік!
Осы орайда мен СЖҚРҚК жұмысы туралы көзқарасыммен бөліскім келеді.
Біз өз қызметімізде мемлекеттік органдар мен құзыретті ведомстволарды алмастыра алмаймыз және олай жасауға тиісті емеспіз.
Біздің басты міндетіміз - азаматтардың менталитетін өзгерту, халық арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың тұрақты мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ осы келеңсіз құбылысты болдырмау жөніндегі қоғамдық алдын алу шараларын жүргізу.
Коррупция қоғамның қас жауы, онымен айналысатындар мемлекеттің болашағына балта шабады!
Бізге коррупцияны қабылдамаудың мәдениетін қалыптастыру өте маңызды!
Сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жою үшін экономикалық, әлеуметтік және басқа да алдын алу шаралары қажет. Яғни, адамдар лайықты өмір сүруі керек. Ең бастысы - осы. Азаматтардың материалдық әл-ауқаты жақсарып, тұрмысы халықаралық әлеуметтік стандарттарға сәйкес келген кезде ғана, олар осындай әл-ауқат деңгейін сақтау керек екенін түсінеді.
Тағы бір нәрсе - бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға қарсы күрес. Сыбайлас жемқорлық, бұл - тек пара беру мен алу ғана емес. Сыбайлас жемқорлық, бұл - өз міндеттеріне немқұрайлы қарау, жалқаулық және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану.
Біз шенеуіктердің немқұрайлығы, салақтығы, жауапсыздығымен күресетін боламыз!
Жалпы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басты бағыты қоғамдық бақылау болып табылады. Ол жаппай жүргізілуге тиіс. Адамдар жоспарлаудан бастап шығыстарға дейін барлық деңгейлер мен кезеңдерде бюджетке үздіксіз талдау жасап отыруы керек.
Ақыл, парасат, ізгілік және құқықтық ағарту бүкіл процестің басты мазмұны болуы керек!
Яғни, Кеңес жұмысының философиясы мен бағыты құқықтық ағартуға және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін қоғамдық алдын алу бойынша ақпараттық қызметке барынша бағытталатын болады.
Кеңес құрамы өте қызықты болмақ. СЖҚРҚК құрамына белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдар, қоғамдық пікір көшбасшылары, депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Жұмыс көп болмақ, сондай-ақ, оның ашық жүргізілетінін айта кеткім келеді, біз өзінің бірбеткей азаматтық ұстанымы бар және Отанымыздың дамуы мен құрылуына үлес қосуға ниетті барлық азаматтармен жұмыс істеуге дайынбыз!
Біз үнемі Кеңестің қызметі туралы есеп жүргізіп отырамыз және еліміздің барлық азаматтарының ұсыныстарын қабыл алатын боламыз!
Ерлан САИРОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты