Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Аяжан Еділованың денесін туыстары жер қойнына тапсыра алмай отыр

Аяжан пәктігін саудалаған деген ақпаратты колледж ұстаздары жоққа шығарды. Олар бойжеткеннің оқуда озат әрі тәрбиелі болғанын айтады.

Рая Мінап
Сәуір 2, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
Аяжан Еділова

Аяжан Едилова. Фото: отбасылық архивтен

Аяусыз өлтірілген Аяжан Еділованың денесін жақындары әлі жер қойнына тапсыра алмай отыр. Мұны марқұмның туыстары айтты. Олар қоғамда тараған қауесеттер күдіктінің жазасын жеңілдету мақсатында жасалып жатыр деп топшылайды, – деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Аяжан пәктігін саудалаған деген ақпаратты колледж ұстаздары жоққа шығарды. Олар бойжеткеннің оқуда озат әрі тәрбиелі болғанын айтады. Сондықтан «Аяжан күдіктінің үйіне 500 мың теңге үшін барған» дегенге сенбейді.

«Мен мүлде келіспеймін бұл пікірмен. Өйткені ол қызды мен басқа жағынан білемін. Қазақи, қарапайым қыз болған. Өзінің сөйлесіп жүрген жолдасы болды. Осы соңғы курсы, 4 жыл бойы осы колледжде оқып шықты, бірінші курстан бастап грантта оқыды. Үлгілі, үздік оқушылардың бірі болды.

Дизайн және технология мамандығына түскен. Кейін киім дизайнымен әуестеніпті. Жасаған жұмыстарын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп отырған. Колледж директоры бойжеткеннің қосымша сән салонында да жұмыс істегенін айтты , – дейді ұстазы Томирис Кустова.

«Еділова Аяжанның өзінің коллекциялары болатын. Ол өзінің жұмысын өте ерте бастады. Басқа студенттер одан үлгі алатындай жан-жақты қыз болатын. Бізге көмектесетін бос уақыты болмады. Артық жүрісін ешқашан байқамағанмын, – дейді «Сымбат» дизайн және технология академиясы колледжінің директоры Гүлнәр Оразымбетова.

Түрік тілінің ұстазы Әйгенім Үсенова Аяжанның арманы асқақ еді деп еске алды. Ол тіл үйретіп, шетелге барып жұмыс істеуді жоспарлаған еді деп отыр.

Жатақханада көрші тұрған Баян да соңғы күндері орын алып жатқан жайттардан ес жия алмай жүр. Ол қылмысқа барды деген күдіктіге қатысты бұрын-соңды тіпті естімеген.

«Арамызда қаншама әңгіме болды. Бірақ ол ондайға баратын қыз емес. Алдап жұмыс бабымен шақырған шығар. Жұмысбасты болатын , -дейді құрбысы Баян Балтабай.

Ал арнамызға сұхбат беруден бас тартқан Аяжанның туыстары марқұмның денесін әлі жер қойнына тапсыра алмай отырғандарын айтты. Олар тергеу салдарынан дене бөлшектері бізге берілмей отыр дейді. Ал қоғамда тараған қауесет әңгімелер күдіктінің жазасын жеңілдету мақсатында деп топшылады.

Жалған неке куәлігін жасап, түрмедегі «күйеулерімен» кездеспек болған екі әйел ұсталды

Жемқорды хабарлағандарға 58,9 млн теңге

Абақтыда сотталғандар төбелесіп, біреуі қаза тапты

Аты шулы іске қатысты Ішкі істер министрлігі түсінік берді.

«Бұл қылмыстық істі 26- наурыздан бастап арнайы прокурорлар жан-жақты тергеп жатыр. Біз тергеу барысын жария ете алмаймыз. Оны таратуға немесе қандай да бір ақпарат айтуға құқығымыз жоқ. Қазір 28 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр», – дейді ІІМ Тергеу бөлімінің бастығы Ермек Шүлден.

Естеріңізге салсақ, 19 жастағы Аяжан 19-наурыз күні кешкісін жұмыстан шығып, қайта оралмаған еді. Оның бөлшектелген денесі араға екі күн салып, Нұркент ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылды.

Айта кетейік, күдікке 28 жастағы Түркістан облысының тумасы ілікті. Оның кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық Кодестің 99 бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

 
Тегтер: Аяжан Еділовақұрбықылмыстергеуұстаз
Алдыңғы жаңалық

Халықтың тұрмысын жақсарту басты міндет

Келесі жаңалық

Нұр-Сұлтанда атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді онлайн қабылдау басталды

Ұқсас жаңалықтар

Nur Otan, жемқорлық, партия
Жаңалықтар

Nur Otan Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрамын бекітті

Сәуір 12, 2021
коронавирус, ауру, науқас, Денсаулық сақтау министрі, Алексей Цой
Жаңалықтар

Қазақстан екі аптадан бері «қызыл» аймақтан шықпады – Алексей Цой

Сәуір 12, 2021
вакцина, Қазақстан, коронавирус, ауру
Жаңалықтар

Қазақстанда 12 сәуірге дейін коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамдар туралы мәлімет жарияланды

Сәуір 12, 2021
пневмония, ауру, коронавирус, науқас
Жаңалықтар

Бір тәулікте қанша адам пневмонияға шалдықты?

Сәуір 12, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Nur Otan Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрамын бекітті

Сәуір 12, 10:17

Қазақстан екі аптадан бері «қызыл» аймақтан шықпады – Алексей Цой

Сәуір 12, 10:05

Қазақстанда 12 сәуірге дейін коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамдар туралы мәлімет жарияланды

Сәуір 12, 09:39

Бір тәулікте қанша адам пневмонияға шалдықты?

Сәуір 12, 09:22

Автокөлікті жалға алып, бөлшектерін ұрлаған ер адам ұсталды

Сәуір 12, 09:08

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 08:31

Бір күнде 2300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Сәуір 12, 08:10
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Nur Otan, жемқорлық, партия

Nur Otan Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрамын бекітті

Сәуір 12, 2021
коронавирус, ауру, науқас, Денсаулық сақтау министрі, Алексей Цой

Қазақстан екі аптадан бері «қызыл» аймақтан шықпады – Алексей Цой

Сәуір 12, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»