Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
125
оқылды
Қазақсандық файтер Шавкат Рахмонов (13-0) UFC промоушеніндегі екінші жекпе-жегін 26 маусымда өткізеді. Оның келесі қарсыласы бразилиялық Мишел Празерис болады.   39 жастағы Мишель Празерис осы кезге дейін 26 кездесуде жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліске ұшыраған. Ол соңғы жекпе-жегінде төрешілердің бірауызды шешімімен  австриялық Исмаил Наурдиевтен жеңіліп қалды. Ал Шавкат UFC-дегі дебютін былтыр қазан айында өткізді. Абу-Дабиде өткен кеште жерлесіміз бразилиялық Алекс Оливейраны жеңген болатын.