Нұр-Сұлтанда "Алатау" спорт кешенінде өрт шықты

Нұр-Сұлтанда "Алатау" спорт кешенінде өрт шықты

Бүгін сағат 20:29-да «Алатау» Спорт сарайынан өрт шықты. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның алғашқы деректерін мәлімдеді.

«Бүгін сағат 20: 29-да Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 1/1 мекенжайында орналасқан «Алатау» Спорт сарайының бесінші қабатында өрт тұтанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Кабинеттің төбесі түгел отқа оранған», – дейді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.
Ресми дерек бойынша, өрт сағат 20:57-де толық сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 39 адам және 12 техника жұмылдырылған.