Ақтөбеде шошқа фермасының иесі үйқамаққа алынды
Ақтөбеде шошқа фермасының иесі үйқамаққа алынды
5,135
оқылды
Ақтөбедегі атышулы шошқа шаруашылығының қожайыны үй қамаққа алынды. Гайк Тертерянға сотқа дейін үйінен аттап басуға тыйым салынды. Оның үстінен жерді бүлдіргені үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ktk.kz. Экологтар тек Бестамақ ауылы тұрғындары жаппай наразылыққа шыққан соң ғана шошқа фермасын тексеруге кіріскен еді. Оған дейін талпақ танау өсіретін кешендегілер білгенін істеген. Ауыл іргесіне шошқа қалдықтарын төгіп, одан қалды ішек-қарны мен сүйек-саяғына дейін өзенге ағызған. Осы ісі үшін кәсіпкерге 7 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды. Бірақ Гайк Тертерян онымен келіспей отыр. Енді әкімшілік істен бөлек, қылмыстық жауапқа тартылады. Миллионердің кінәсі  дәлелденсе, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
«Экология департаментінің тексеруінен соң қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің «Жердi бүлдiру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Серіктестік басшысы Гайк Тертерян үйқамақта отыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді облыстық ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі Айгүл Иманғазина.