Тағы үш университет лицензиясынан айырылды
Тағы үш университет лицензиясынан айырылды

Қазақстандық аккредиттеу агенттіктері Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті (бұрынғы Қазақстан теңіз университеті) және «Астана» университетінен аккредитация куәлігін қайтарып алды. Жоғары оқу орындары мамандарды тексеру жүргізуге кіргізбеген.

«Білім туралы» заңға сәйкес, жоғары оқу орындары лицензиясы және аккредитациясы болмаса, дипломдар бере алмайды. «Тәуелсіз қазақстандық аккредиттеу орта­лығы» Ақтау гуманитарлық-тех­никалық университеті мен «Ас­­­тана» университетіне шешімі ту­­ралы ресми хабарлама жіберген. «Ұйым оқу орындарын аккре­дитациялаумен айналысады, яғни білім беру бағдарламаларының сапа стандарттарына қаншалықты сәйкес келетінін тексереміз. Оқу орындары сарапшыларымызға ғи­­маратқа кіруіне жол бермей, аккре­­диттеуден кейінгі мониторинг жүр­­­гізуге кедергі келтірді. Осыған бай­ланысты аккредитация куәлігін қайтарып алуды ұйғардық», – деді «Тәуелсіз қазақстандық аккре­диттеу орталығы» директоры Бе­галы Халмұратов. Бұған дейін БҒМ да осы ЖОО-лар жоспарлы тексеру жүргізуге кедергі келтіргенін айтты. Сот талқылаулары бір жарым жылдан бері жалғасып келеді. Сондай-ақ Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА/IAAR) Орталық Азия университетінің аккредиттеу туралы куәлігін қайтарып алды.«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) жұмысына сәйкес, білім беру ұйымдары жүргізілген аккре­диттеу қорытындылары бойынша ұсынымдардың орын­­далуын ба­қылайтын мони­­­­торингтен өтуі тиіс. Орталық Азия университетінің мо­ниторингтен өтуден бас тар­туына және ұсы­нымдардың орын­далғаны туралы есепті өт­­кізбеуіне байланысты аккредиттеу туралы куәлікті қай­тарып алуды ұйғар­­дық», – деп хабарлады «Аккре­­диттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» ҰУ бас дирек­торы Алина Жұмағұлова. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов жұмыс бе­рушілер жоғары оқу орында­рындағы білім сапасына қана­­ғаттанбайтынын айтты. Оның айтуынша, болашақ мамандар қажетті білім мен дағды ала ал­майды. «Университет мысалын қарастырайық. 2020 жылғы Жо­ғары оқу орындары рейтингінің қорытындысы бойынша жұмыс берушілердің Орталық Азия уни­верситетінің білім беру бағ­дарла­маларының сапасы мен өзектілігіне қанағаттануы бар болғаны 32 пайыз. Сарапшылар жоғары оқу орны ұсынған білім беру бағдар­ламалары елеулі пы­сықтауды талап ететінін айтты. Мұнда қатаң ша­ралар қабылдау қажет», – деді Азамат Бейсенбенов. Білім және ғылым министрлігі аккредиттеу агенттіктері мен жұмыс берушілер бірлесіп жоғары білім беру сапасын арттыруға қол жеткізу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. «Биыл алда кадрларды даяр­лау сапасы туралы мәселе тұр. Жо­ғары оқу орындары тарапынан тексеру нәтижелері бойынша мә­­­селелерді шешу мерзімдерінің со­зылғаны байқалады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова. Еске сала кетейік, Ал­матыдағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ҚазМҮББУ) бас лицензиясынан айырылды. БҒМ университет қызметінде 2020 жылдың орта­сында өрескел заңбұзу­­шылықтар анықталғанын хабар­лады.