Таразда WhatsApp желісі арқылы адамдарды алдап, ақша жымқырған алаяқ ұсталды

Таразда WhatsApp желісі арқылы адамдарды алдап, ақша жымқырған алаяқ ұсталды

Тараз қаласының тұрғыны адамдардың төрт миллион теңгеден астам ақшасын жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ірі көлемде жасалған алаяқтықтың бірқатар деректерін ашты. Жүргізілген арнайы іс-шара нәтижесінде Тараз қаласының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Істің мән-жайын анықтау барысында күдіктінің 2019 жылдың наурыз айынан бастап WhatsApp желісі арқылы әртүрлі облыстар мен аймақтардағы адамдарға жеке ақшаларын көбейту бойынша қаржылық схеманы таратуды ұсынғаны анықталды. Күдікті 20-ға жуық жәбірленушіден төрт миллион теңгеден астам ақша жымқырғаны анықталды. Аталған қылмыс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.