46 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды
46 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды
105
оқылды

Жамбыл облысында са­пасыз жол үшін лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық Поли­ция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Facebook желісіндегі парақшасында жазған.

«Жол-көлік оқиғалары көбіне жүргізушілердің кінәсінен бол­ғанымен, апат деңгейін төмендету үшін жолдардың сапасын жақ­сарту қажет. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тап­­сыр­масы бойынша, Жамбыл об­­­лысы Полиция департаментінің қыз­меткерлері жол қозғалысы қауіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың 12 айында облыстың ав­томобиль жолдарына 1 711 тексеру жұмыстарын жүргізді. Облыстағы жолдардың нашар болғаны үшін 195 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды», – деді ведомство басшысы. Департамент бастығы қа­­былданған шаралар нәтижесінде облыстың автожолдарында 8 мың­­­нан аса жол белгілері орна­ты­лып, әртүрлі техникалық бұзу­шылық жойылғанын айтып отыр. Соңғы 3 ай ішінде жүргізілген 493 зерттеудің қорытындысы бойын­ша 46 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.