Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсіміне қатыспады

Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсіміне қатыспады

Отандасымыз Жанқош Тұраров (24-0, 17КО) британ боксшысы Тайрон Маккенамен (21-2-1, 6 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне уақытында қатыса алмады.

Келісім бойынша боксшылар  3 сәуір күні Дубайдағы Caesars Palace аренасында жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған. Кездесуде Тұраровқа тиесілі бірінші жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental чемпионы титулы сарапқа салынады.  Бірақ жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне тек Маккенна келді. «Алып кельттің» салмағы 63,5 санаттағы лимит кезінде 63,3 келіні көрсетті. Көпшілік отандасымызды күткені анық. Кейінірек  іс-шара жүргізушісі Жанқош Тұраровтың «соңғы унцияларды» тастау үшін қосымша уақыт сұрағанын және таразыға кешірек өлшенетінін мәлімдеді.

А.ЖОЛДАС