Қатаң жаза балаға қорған ба?
Қатаң жаза балаға қорған ба?
129
оқылды

Биылдан бастап сексуалдық сипаттағы қылмыс жаса­ған­дардың жазасы 17 жылға дейін қатайтылғаны белгілі. Ал ба­лаларға зорлық көрсеткендер 20 жылға бас бостандығынан айырылады. Жаңа заң жүйесінде, әсіресе ата-ана, педагог не­месе өгей әкенің қылмыстық әрекеті жіті қаралған. Әрине, заңның күшейтілгені құптарлық. Алайда бұл жасөспірімдерге жасалып жатқан жыныстық сипаттағы қылмыстарды азайта ала ма?

Екі айда 61 сексуалды сипаттағы қылмыс тіркелген

Жамбыл облыстық Полиция департаменті берген мәліметке сүйенсек, осы жылдың екі айы­­­ның өзінде өңірде жасөс­пі­­рім­дерге қатысты сексуалдық си­­паттағы 61 қылмыс тіркеліпті. Бұл өткен жыл­­дың тиісті ке­зеңімен са­лыс­­тырғанда 27 пайызға артқан. Сорақысы, атал­­ған қылмыс­­­тар­­­дың денін бала­лардың ата-ана­­­­лары жасаған. По­­­­­ли­­ция департаментінің жер­­­гілікті по­­лиция қызметі басқар­масының ювеналды полиция то­бының инспекторы, полиция под­пол­ковнигі Нұркен Абду­линнің айтуынша, көрсеткіштің күрт өсуіне байланысты аймақта пе­дофилдердің алдын алу мақ­сатында ауқымды жұмыстар жүр­­­­гізіліп жатыр екен. – Мұндай қылмыстар поли­­ция қызметкерлерінің кіру мүм­кіндігі шектеулі пәтерлерде, же­­кеменшік үйлер мен жатақ­ха­­­наларда бол­­ғандықтан, бала­­ларға қатысты жы­ныстық зор­­­лық-зом­былықтың алдын алу қиынға со­­ғуда. Көбіне азғындыққа жәбір көрушілердің жақындары, өгей әкелері немесе көршілері, айна­ласындағылар барып жатады. Мұндай қыл­мыс­тардың басым бөлігі жасөс­пірім­дердің адам­гершілік тәрбие­сінің төмендігі, бақылаудың жетпеуі немесе ата-аналар тара­пынан тәр­биелік жұ­­­­мыстардың әлсіз­­дігінен болып жатады. Сол себепті кәме­лет жа­сына толма­ғандарға қатыс­ты қыл­мыстар өсуде. Қазір біз педо­филдерге қарсы ауқымды ша­­­ралар­­ды қолға алудамыз. Сон­дай-ақ ті­зімде тұрған бұрынғы қыл­мыс­­керлер де жіті бақы­лауы­мызда, – дейді полиция пол­ковнигі.

Психолог мамандар не дейді?

Психолог мамандардың ай­туынша, балалардың қауіпсіздігі үшін ата-ана оларды қараусыз қалдырмағаны жөн екен. Сон­дай-ақ бала мен анасы ғана білетін құпия сөзді де ойлап табуға кеңес береді. – Педофилдер көбіне бала­ның жанында жүрген немесе бала жақ­сы танитын жандар болып жата­­тыны жанға батады. Қазір өгей әке, өгей аға, нағашы, мұ­­ғалім се­кілді балаға жақын жан­­дардың жыныстық сипаттағы қылмысқа барып жататыны шын­­­дық. Әрине, айналаның бәріне күдікпен қарау­ға әсте болмайды. Алайда ата-ана өте мұқият, қы­­­­­рағы болғаны абзал. Әрдайым баланың қоршаған ортасына көңіл бөліп, кіммен ара­ласып жүргенін білгені жөн. жаза Сондай-ақ баланың айтқан әр сөзіне мән беріп, сеніммен қарау керек. Көп жағдайда балалар ешнәрсені тікелей айта алмайды. Егер бала «пәленше ағамен қы­­зықты ойын ойнадық немесе мені енді пәленшемен бірге қал­­­дыр­­­маңыз, ол үйге барғым кел­­мейді» деген сияқты сөздер ай­татын болса, мұның себебін түп-тамы­­рына дейін сұрау қажет. Себебі педофилдер көп жағдайда «саған ешкім сенбейді» деп бала­ның сені­мін жоғалтып, қор­­қытып қояды. Сондықтан әр ата-ана балаларына сенетінін көрсетуі тиіс. Бұдан бөлек, балаға «жоқ» деп айтуды үйрету керек. Себебі ата-ана тәрбиесін көрген балаларлың басым бөлігі үлкендердің айт­қанын екі еткізбей істейді. Пе­дофилдер осыны жақсы пайда­ланады. Сондықтан балаңызға бөтен адам бір жерге шақырса немесе жол көрсетіп жіберуді сұраса, «жоқ» деп айтуды үй­рет­кен абзал. Сонымен қатар анасы тек жақындары ғана білетін құ­пия сөзді балаға үйретіп қой­ғаны жөн. Мұндай жағдайда таныс емес адам келіп «мені сенің анаң жіберді» десе, бала бірден құпия сөзді сұрай алады. Егер құпия сөзді айта алмаса, айна­ласындағы адамдарды көмекке шақыруы қажет, – дейді психолог Қарашаш Жарасова.

Кастрация педофилдерді тоқтата ала ма?

 Облыстық Полиция депар­таментінің жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Қуанышбек Қалжанов болса, жазаны қатайт­қанымен одан педофил­дердің саны азаяды дегенге сенбейді. – Ұл өсіріп, қыз тәрбиелеп отырған әке ретінде айтатын болсам, қылмыс жазасын өсіру арқылы біз балаларға жасалынып жататын зорлық-зомбылық фак­тілерін азайта алмаймыз. Себебі 12-17 жыл түрмеде отырып шық­қан қылмыскер сабасына түспей, керісінше бойын ыза мен кек кернеп шығады. Оған бір ғана дәлел, Тараз қаласындағы №6 мектептегі қыздың зорлану оқи­ғасы. Ұсталған күдікті аталған қылмысын 19 жылдан кейін қай­талап отыр. Бұған енді не дей­сіздер? Елімізде педофилдерге хи­­миялық кастрация жасау бас­­тамасы да көтерілді. Алайда одан азғындарға тоқтау болады деген­­­ге сену қиын. Себебі былтыр бір азғынның балалардың жыныстық мүшесін ұстап, рахат тапқан жан­шошырлық оқиғасы тіркелді. Сон­­да педафилдерді баланы зор­лау мүмкіндігінен айырсақ та, олар басқаша жолмен де құмарын қандыра алатынына көзіміз жетті. Егер бізде ондай азғындарды ату жазасына кесу немесе Африка мемлекеттеріндегі сияқты азап­тап өлтіру сынды жазалар қол­да­нылатын болса, оны көрген пе­­дофилдер сап тыйылатын еді. Алай­­да елімізде адам өмірі мен бостандығы ең басты қазына саналатындықтан, әзірге біз он­дай қадамдарға бара алмай жа­тырмыз. Әрине, мен мұны тәр­­тіп сала­сының қызметкері ретінде емес, ең бірінші әке ре­тінде ай­тып отырмын. Де­генмен Прези­дент қол қойған заң жо­басы ба­лаларға жасалынып жатқан жы­ныстық сипаттағы қылмыстар са­нын азайтады деп сенемін және бұл бағытта құзырлы сала ма­мандары аянбай еңбек ететін бо­ламыз, –дейді Қ.Қалжанов. P.S.

Әрине, жаңа заң жобасы жас­өспірімдерге қарсы жасалатын жыныстық сипаттағы қыл­мыс­тарды азайтады деп сенеміз. Алайда ба­лаларға қатысты қыл­мыс­тарды ере­сектер ғана емес, өз­дері де жасап жатыр.

Мәселен, Тараз қаласындағы №6 мектеп оқушысы 13 жастағы Николай Данилян мас күйінде сол мектептің 4-сынып оқушысы Ни­кита Никитюкті өл­­тіріп қой­ғанын ел ұмыта қойған жоқ. Екі жасөс­пірім бірлесіп же­лімді иіс­кегеннен кейін бірі екіншісін күртешенің бауымен буындырып, өмірін қия­ды. Бас­тапқыда қа­сақана адам өл­тіру фактісі бойынша қа­ралған іс тергеу амалдары кезінде бірі екіншісін зорлауға әрекет етпек кезінде абайсызда бауға буынып қалғанын анықтайды. Яғни, бір бала екін­шісіне жыныстық күш қолданып жатқанда тұншықтырып алған.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы