Түркістанда туысының атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Түркістанда туысының атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
135
оқылды

Түркістанда қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс оның атынан онлайн-несие алған. Сөйтіп, 330 мың теңге шығын келтірген. Біраз уақыт өткен соң берешегі көбейіп, банктен хабар келген. Сол кезде жәбірленуші тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек сұраған.

Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық) бойынша тіркелді. Арызданушының шағымына сәйкес, алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Түркістан ҚПБ полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол жәбірленушінің танысы болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азамат қоңырау соғу үшін жәбірленушіден ұялы телефонын сұраған. Содан күдікті жәбірленуші әйелдің атынан несие рәсімдеп алған. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.