Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Талғар тұрғыны әйелін «жемқорлықпен айналысады» деп күдіктеніп, оны құқық қорғау органдарына ұстап берген

Назгүл Ержанқызы Назгүл Ержанқызы
Сәуір 3, 2021
1k
қаралым

Талғар тұрғыны Тимур Балыкчин әйелінің үлкен көлемдегі қаржыны қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырып алғанын көріп, күдіктеніп қалған. Содан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне хабарласып, келіншегіне әділ жазасын беруін сұрапты.

«Астана» телеарнасының мәлімдеуінше, ер адам өз арының алдында бұл фактіні жасырып, үнсіз қалуды дұрыс көрмеген. Оның айтуынша, осыдан төрт жыл бұрын тұңғышы дүниеге келеді. Сол кезде келіншегі жұмыстан  декреттік демалысқа шығады. Демалыста болса да, оның зейнетақы шотына тұрақты  ақша түсіп отырған.

«Сөйтсем, әйелім есепшотына ақша түсіп тұрсын деп, жұмыстағы бастығы мен есепшімен алдын-ала келісіп алыпты. Үйде отырса да, жұмыс істегеннің есебінде айлығы жүре береді. Бірақ төлем картасы  жұмыстағы қызметкерлерде болған»,  – дейді Тимур.

Сөйтіп ер адам олардың әйелі арқылы жалақыны қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырып отырғанын түсінген. Ол әйелінің бұл әрекетіне тыйым салыпты. Тіпті, әйеліне полицияға барып, өз кінәсін мойындауды талап еткен.

 «Қазір ол бұл ісін тоқтатты. Тіпті, зейнетақы жарнасына аударылған ақшаны қайтарып алуын да талап еттік. Алайда келіншегім ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабы негізінде кінәсін мойындап, полицияға барғысы жоқ. Өзі бармаса,  өзім айтып беретінімді айтып, оған алдын-ала ескерткем» дейді ол.

Ер адам әйелінің құқық бұзғанын егжей-тегжейлі сипаттап, әртүрлі инстанцияларға шағымданды. Соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі де бар. Ал олар оның шағымын Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберді. Егер қылмыстық жауапкершілікке әкелетін заң бұзушылықтар анықталса, апелляциялық шағым бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.⠀

Тимур әйелімен қазіргі ара қатынасы жайында сөз қозғағысы келмейді. Алайда қазір ерлі-зайыпты екі бөлек тұрып жатыр.

 

 

Тегтер: арызәйелжалақыТалғар ерлі-зайыпты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстанда бруцеллез анықталған мал үшін өтемақы төлене ме?

Президент ҰҚШҰ-ның Мәскеудегі саммитіне қатысты

Қарағандыда үш ер адам суға батып кетті

Мәжіліс депутаттары металлургтермен референдум туралы талқылады

«AMANAT» партиясы: жұртшылықпен кездесу еліміздің батысында жалғасуда

Мәжіліс депутаттары Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлерді референдумға қатысуға шақырды

ҰҚК Тоқаевқа қастандық жасауды жоспарлаған агентке қатысты мәлімдеме жасады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»