Отарда тоқтап тұрған вагонның үстіне шыққан жасөспірім тоққа түсіп, қаза тапты
Отарда тоқтап тұрған вагонның үстіне шыққан жасөспірім тоққа түсіп, қаза тапты
224
оқылды

Жамбыл облысы Отар кентінде теміржолда тоқтап тұрған жүк тасмалдайтын вагонның үстіне шығып кеткен екі жасөспірімнің бірі қаза тапты.

24 наурыз күні Алматы жүк тасымалдау бөлімшесі Отар бекеті жолында тоқтап тұрған вагонның үстіне екі бала шығып кеткен. Соның бірін тоқ ұрған. Оған Гвардейский қалашығындағы госпитальде алғашқы көмек көрсетілген. Денесінің 70 пайызын күйік шалыпты. Араға бір күн салып  жасөспірім Қордай аудандық орталық ауруханасында көз жұмды.

Оқиға орнында болған екінші баланың  жағдайы қалыпты. Ол Алматы қаласында ем алуда. Қазір оқыс оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.