Головкин BoxRec рейтингінде үздіктер қатарынан көрінді
Головкин BoxRec рейтингінде үздіктер қатарынан көрінді
5,147
оқылды

BoxRec басылымы боксшылардың салмақ дәрежесінен тәуелсіз рейтингін жариялады.

Prosports.kz-тің хабарлауынша, осы жолғы тізімде өткен аймен салыстырғанда аса бір өзгеріс болған жоқ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үздік бестіктегі орнын сақтап қалды.

BoxRec нұсқасы бойынша pound-for-pound боксшылар рейтингі: Сауль Альварес (Мексика); Тайсон Фьюри (Ұлыбритания); Теренс Кроуфорд (АҚШ); Энтони Джошуа (Ұлыбритания); Геннадий Головкин (Қазақстан); Эррол Спенс-кіші (АҚШ); Деонтей Уайлдер (АҚШ); Теофимо Лопес (АҚШ); Джермалл Чарло (АҚШ). Сергей Ковалев (Ресей).