Ауласынан мәйіті табылған қарияның өліміне қатысты іс тоқтады
Ауласынан мәйіті табылған қарияның өліміне қатысты іс тоқтады
107
оқылды

Жантүршігерлік оқиға биыл қаңтарда Махамбет ауданындағы Таңдай ауылында болған. 82 жастағы қарияның мүрдесі, өзі тұрған үйдің ауласында көміліпті.

Сол кезде әлеуметтік желіде "мәйіттің бөлікке бөлініп, бірнеше айдан бері сақталғаны" жазылып, бүкіл елді дүрліктірген. Тұрғындар күдікке зейнеткермен бірге тұратын қарындасының қатысы болуы мүмкін екенін де айтқан. Алайда полиция қылмысқа кінәлі адамды таппады.
"Махамбет ауданы Таңдай ауылында  82 жастағы ер адамның табылған мүрдесіне қатысты  қылмыстық іс қылмыс құрамы болмауына байланысты тоқтатылды. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес,  ер адамның мәйітінде дене жарақатының іздері анықталмаған. Екі айға созылған тергеу тоқтатылып, қазір прокуратураға жолданды", - дейді  Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы.
Ал қылмыстық іс басталғанда мектептен шеттетілген марқұмның қарындасы әлі жұмысына оралмаған.