Алматыда көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы полицейлері ондаған көлікті ұрлаған ұрлықшыны және оның серіктестерін ұстады. Бұл жайында Polisia.kz. хабарлады.

Олар қымбат маркалы көліктерді емес, тек Daewoo Damas автокөліктерін ұрлаумен айналысқан. Қаскөйлер бұл көліктерді бөлшектерге бөліп сатқан.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, сотталушылардың бірінің тұрғылықты жерінде ұсталды. Әңгіме Жамбыл облысының 32 жастағы тұрғыны және 1973, 1969 және 1988 жылы туған ұрланған заттарды сатып алушылардың үшеуі туралы болып отыр. Түнде ұрлықшылар құлыпты ашып, қозғалтқышты іске қосып, Daewoo Damas көліктерін ұрлап әкеткен. Ұрланған көліктердің шығыны бірнеше миллион теңге.

Бөлшектелген көліктен қалған заттар Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы үйлердің бірінің ауласынан табылды. Көптеген көліктен қозғалтқыш пен кузов нөмірлері алынған екен. Кейбіреулері жай бөлшектеліп, қосалқы бөлшектерге сатылған», - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.