Тұрсынбай Құлахмет ешкімнен жеңілмеген венесуэллалық боксшыны 70 секундта құлатты - видео
Тұрсынбай Құлахмет ешкімнен жеңілмеген венесуэллалық боксшыны 70 секундта құлатты - видео
168
оқылды
Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 KO) бірінші орта салмақтағы WBC International чемпионы титулын сәтті қорғады. Ол Дубайда венесуэллалық Эбер Рондонмен (20-0, 13 КО) жекпе-жек өткізді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Он раундқа есептелген жекпе-жек бірінші раундтың 70-секундында аяқталды. Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын нокаутпен жеңді, оған дейін қарсыласын нокдаунға түсірді. Осылайша, Тұрсынбай Құлахмет кәсіби рингте үшінші рет жеңіске жетіп, WBC International чемпионы белдігін қорғады. Эберт Рондон кәсіби мансабында алғаш рет жеңілді. Ол бұған дейін 20 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңген. Еске салайық, Құлахмет былтыр қарашада ұлыбританиялық Маколей Макгоуэнді (14-2-1, 3 КО) жеңіп, WBC екінші белбеуін жеңіп алған еді.