Майра Мұхамедқызы Ресейде «Үздік опера әншісі» атанды
Майра Мұхамедқызы Ресейде «Үздік опера әншісі» атанды
258
оқылды

Қазақстанның опера әншісі Майра Мұхамедқызы Ресейде өткен халықаралық кәсіби музыка номинациясының жеңімпазы атанды.

Әнші бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Сүйінші!!! Сүйінші!!! Ресейде өткен «Браво» Халықаралық профессионал музыка номинациясы бойынша мені «Үздік Опера Әншісі» статуэткасымен марапаттады! Менің еңбегімді шет ел бағалап жатқанына марқайып қалдым! Аллаға мың шүкір! Құттықтап қоярсыздар мені"! – деп жазды ол.
Еске салайық, Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалған еді Майра Мұхамедқызы 1969 жылы 9 мамырда ҚХР-да дүниеге келген. Бейжің ұлттар университетінің музыка факультетін және Пекин консерваториясын бітірген. Ол ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі.