Республикалық қоғамдық кеңестердің жұмысына байланысты маңызды кездесу өтті
Республикалық қоғамдық кеңестердің жұмысына байланысты маңызды кездесу өтті
101
оқылды
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев әлеуметтік желідегі  парақшасында «Nur Otan» партиясының жанынан партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау жөніндегі 14 Республикалық қоғамдық кеңес құрылғанын жазды. «Партия Көшбасшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес біз бірінші кезекте сайлауалды уәделердің орындалуын қамтамасыз етуіміз тиіс. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының жанынан «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау жөніндегі 14 Республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Аталған құрылымдар тиімді жұмыс істеуі үшін біз ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды ескере отырып, қоғамдық кеңестер жұмысындағы тәсілдерді жүйелі түрде қайта форматтадық. Сонымен: 1.Кеңестердің жұмысы қоғамдық пікірді ескере отырып, қоғамдық форматта құрылатын болады; 2.Өткір әлеуметтік мәселелерді талқылауға сарапшылар белсенді қатысатын болады; 3.Жұмыс нәтижелі болу үшін азаматтардың партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жүгінуінің себебі назарға алынып, талданады. 4.Жергілікті мәселелерді жүйелі және уақытылы шешу үшін аймақтық деңгейде де кеңес құрылады.  width=Сондай-ақ қазір біздің «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесіміздің» құрамын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлағым келеді. Сондықтан барлық жанашыр азаматтарды ынтымақтастыққа шақырамыз. Біздің кеңес атынан әріптестерімізді осындай жауапты лауазымға сайлануымен құттықтап, оларға әрбір қазақстандықтың игілігі үшін жемісті жұмыс істеуін тілеймін. Сынақтардан бірге өтіп, жеңіске жетеміз!» – деп жазды ол.