Көкшетауда 20 үй сусыз қалды
Көкшетауда 20 үй сусыз қалды
Бүгін Көкшетау қаласында су құбыры жарылып, жиырмаға жуық үй сусыз қалды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Бұл туралы Көкшетау қаласын сумен қамтитын «Көкшетау Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорны мәлімдеді.
«Қуанышев көшесі, 22-де тұратын жекеменшік үй тұрғындарының назарына! Аталған мекенжайда суық сумен қамту желілерінде құбыр жарылып, 20-ға тарта үйде су беру уақытша тоқтатылды. Суды көршілес көшелерде орналасқан колонкалардан алуға болады. Электр, телефон және басқа да инженерлік желілер болғандықтан жұмыс жүргізуге келісім алу қажеттігіне байланысты бүгін іске кірісу мүмкін болмай отыр. Сондықтан су құбырындағы жарылысты жою және судың ағынын қайта қалпына келтіру ертең басталмақ. Сумен қамту жұмысының барысы туралы қосымша хабарлаймыз», - деп жазды «Көкшетау Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорны.
Кәсіпорын өкілдері жуық арада жарылған су құбырын жылдам жөндеуге уәде берді.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Ақмола облысы