Алматыда вакцинация шектеледі: басқарма басшысы қалған доза бірінші кезек кімге салынатынын айтты

Алматыда вакцинация шектеледі: басқарма басшысы қалған доза бірінші кезек кімге салынатынын айтты

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация бірнеше күнге шектеледі. Бұл туралы Алматының қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, кейінгі екі күнде Алматының 17 мың тұрғынына вакцина егілді. Вакцинаның жаңа партиясы келгенге дейін шектеу болады.

"1 және 2 сәуірде біз 34 900 вакцина алдық. Екі күн ішінде Алматы қаласының 17 мыңнан аса тұрғынына вакцина салынды. Ауруханалардан басқа, Asia Park сауда ойын-сауық орталығы мен Республика сарайында вакцинация жүргізілді. Бүгін кем дегенде 10 000 адамға вакцина салынады деп ойлаймын. 3-4 күнде вакцинаның жаңа партиясы келеді. Жаңа партия алынғанға дейін вакцинацияны шектеу қажет болады. Қалғанын тек Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған адамдар контингентіне салуға тырысамыз. Ертең екпе жасалады, бірақ соңғы екі күндегідей емес, шектеулі мөлшерде", - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
Алматының қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы сәуірде вакцина саны жеткілікті болатынын айтты. Ол жаппай вакцинацияның уақыты Алматыға вакцинаның қашан және қанша мөлшерде келетініне байланысты болатынын мәлімдеді.