Алматыда тамақ жеткізушілер аза тұту шеруін өткізді - видео
Алматыда тамақ жеткізушілер аза тұту шеруін өткізді - видео
100
оқылды
Алматы көшелерінде тамақ жеткізушілер шеру өткізді. Видео Instagram парақшаларда жарияланды. Желіде тараған видеолардан тамақ жеткізу компаниялары қызметкерлерінің киімі мен арнайы сөмкесінен байқауға болады.
"Бүгін Алматыда барлық жеткізу қызметінің (Glovo, Wolt, Chocofood) курьерлері "Яндекс.Еда" сервисінде жұмыс істеп, наурыздың соңында апаттан кейін ауруханада қайтыс болған әріптесін еске алу үшін мопедтермен аза тұту шеруін өткізді", - делінген желідегі парақшада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Еске сала кетейік, 28 наурызда Алматыда мопед мінген курьер қызыл түстен өтіп, Toyota-мен соқтығысқан болатын. Апаттың видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Апат салдарынан мопедтің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алған. 1 сәуірде жолаушы ауруханада қайтыс болғаны хабарланған.