Қызылордада жоғалған қыз Алматыдан табылды

Қызылордада жоғалған қыз Алматыдан табылды

Қызылордада 27 наурызда кешке "Атамекен" балалар ауылынан өз еркімен кетіп қалған үшінші қыз табылды. Бұл туралы қалалық полиция мәлімдеді. Қызылорда облысы Полиция департаментінің, Алматы қаласының Полиция департаментінің қызметкерлерімен және еріктілер қозғалысымен жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған Нұғманова Ділдә Мұсабекқызы Алматы қаласынан бүгін 3 сәуір күні Алматы уақыты бойынша сағат 22:30 шамасында табылды.

"Нұғманова Ділдә Әуезов аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жасөспірімді Кәмелетке толмағандарды оңалту орталығына орналастыру мәселесі шешілуде. Полицейлер оқиғаның мән - жайын анықтауда", – делінген хабарламада.
25 наурызда Қызылорда қаласындағы «Атамекен» балалар ауылының үш тәрбиеленушісі түнгі уақыт 02.00 шамасында шығып кетіп, содан қайта оралмаған. Жоғалып кеткен қыздардың екеуі табылып, Қызылордадағы балалар ауылына қайта орналастырылған болатын.