Ресейде хирургтер әйел адамдағы 25 кг. рак ісігін алып тастады. Оқиға Тюменьде болған, – деп хабарлайды Уралинформбюро. Денесінде ісігі болған ресейлік әйел дәрігерге ешқашан бармаған. Мұны өзінің толықтығы деп жүре берген. Әйел осындай жағдаймен екі жыл өмір сүрген. Ісік кіші жамбас пен іш қуысында болған. Тюмень тұрғыны жамбаста ауырсыну болған соң гинекологқа келіп, қатерлі ісік барын сол кезде білген. «Үш сағаттық операция кезінде науқастың аналық безіндегі ісік пен жатырдың үлкен миомасы алынды», – делінген хабарламада. Ол ауруханада тоғыз күн жатқан.
«Хирургтар мен анестезиологтар біраз ашуланды. Ұзақ уақыт бойы әйел денесінде болған ауыр ісік алынып тасталса, іштегі қысымның күрт өзгеруі байқалады. Қысым төмендейді. Бұл әйелдің жолы болды. Іштегі кез келген жарақат, мысалы, кездейсоқ құлау ісіктің жарылуына, қан кетуіне, асқынуларға әкелуі мүмкін», – деді хирург Андрей Вовк.