Павлодарда балық аулауға келген тұрғын полицияға жүгінген
Павлодарда балық аулауға келген тұрғын полицияға жүгінген
126
оқылды
Павлодар облысында Ертістен балық аулап отырған тұрғынның қармағына адамның жақ сүйегі ілінген. Оқиға Ақсу тұрғыны отбасымен демалып жатқан кезде болған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz. Тұрғынның айтуынша, күндізгі үштер шамасында балық аулап отырып, қармағына бірдеңе ілінгенін байқаған. Анықтап қараса, ол балық емес, адамның жақсүйегі болып шыққан. Ол бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері, жедел тергеу тобы және төтенше жағдайлар өкілдері келген. Олар маңайды қарап шықты, дүйсенбіде сүңгуірлер жұмыс істейді. Археологтардың айтуынша, жақ сүйегі өзен жағалауының опырылуы салдарынан ежелгі қорымнан суға түсіп кетуі мүмкін екен.
"Ол өзен жағалауының опырылуы салдарынан ежелгі қорымнан түсіп кетуі мүмкін. Мұндай жағдай өңірде жиі болып тұрады, әсіресе көктемде көп кездеседі", – дейді археолог.