Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукербергтің жеке мәліметтері желіге жарияланып кетті
Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукербергтің жеке мәліметтері желіге жарияланып кетті
325
оқылды
533 миллион адаммен бірге Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукербергтің телефон нөмірі де желіге жарияланып кеткен. Бұған дейін Business Insider басылымы 106 елдің 533 миллион Facebook пайдаланушысының жеке деректері мен телефон нөмірлері интернетте еркін қолжетімді болғанын хабарлады. Сонымен қатар желіде АҚШ-тағы 32 миллионнан астам пайдаланушының, Сауд Арабиясынан 28 миллионнан астам пайдаланушының, сондай-ақ Ресейден 10 миллионға жуық пайдаланушының мәліметтері бар: толық аты-жөні, тұратын жері, туған күні және басқа да мәліметтер. New York Post газетінің хабарлауынша, Twitter қолданушыларының бірі Цукерберг туралы деректерге назар аударған. Ол өзінің аккаунтында Facebook-тың негізін қалаған адамның жеке деректерін көрсететін форумнан скриншот жариялады.
 «533 миллион адамның мәліметтері желіге шығып кеткеніне келетін болсақ, өкінішке қарай, Марк Цукерберг те солардың қатарында бар. Журналистер Facebook-тен өтініш ала алмай жатады, мүмкін олар желідегі нөміріне хабарласуы керек шығар», – деп жазады басылым.
Facebook компаниясы мен осы атауды иеленген әлеуметтік желіні  2004 жылы Марк Цукерберг құрған. Штаб-пәтері Калифорнияда орналасқан. Facebook  WhatsApp мессенджерінен басқа, Messenger және Instagram сияқты бірқатар танымал қызметтерге ие.