Қостанай облысында атаулы әлеуметтік көмекке өтінім қабылданып жатыр
Қостанай облысында атаулы әлеуметтік көмекке өтінім қабылданып жатыр
197
оқылды
Қостанай облысында атаулы әлеуметтік көмекке өтінім қабылданып жатыр. Көмек алу үшін қажетті құжаттарды онлайн тапсыруға болады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим Устинов мәлімдеді.
«1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беруші ЭЦҚ-мен электронды үкімет порталына кіріп, АӘК-ке өтінім бере алады. Мүмкіндігі жоқ, яғни компьютері немесе интернеті жоқ адамдар жұмыспен қамту бөліміне, жұмыспен қамту орталығына немесе өздері тұратын ауылдық округ әкімдігіне жүгіне алады. Немесе өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына барып, осы қызметті алуға болады», – деді М.Устинов.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімдер екінші тоқсанға қабылданады. Құжаттар egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады.