Ертістен адамның жақ сүйегі табылды
Ертістен адамның жақ сүйегі табылды
155
оқылды

Pavlodarnews.kz-тің жазуынша, Чиндиндер отбасы достарымен бірге ГРЭС кентінің маңына Ертістен балық аулауға барған.

Оқиғаның куәгері Ольга Чиндинаның айтуынша, күндізгі сағат 3-тер шамасында қармақпен балық аулап отырған. Ілмек қыстырылып қалған соң, тартқан кезде қармаққа ілесіп адамның жақ сүйегі шыққан. Оқиға орнына учаскелік полиция, жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдай қызметінің өкілдері жедел жеткен. Олар маңайды түгел тексеріп шыққан. Іздеуге сүңгуірлер де атсалысқан.

Белгілі археолог, Margulan centre орталығының директоры Тимур Смағұлов: «Суреттерден сүйектің су бетіне қалай шыққанын анықтау қиын. Су жағаны жырып, ескі молалардың бірінен түсуі де мүмкін. Бұл аймақта көктемде осындай жайттар жиі кездеседі. Облыс бойынша Ертіс жағалауының бойында орналасқан 15-ке жуық жерлеу орны бар. Сүйек табылған жерге барған соң нақты мәлімет бере аламыз», – дейді.

Оқиғаның жай-жапсары тексеру аяқталған соң белгілі болады.