Қарсыласын 70 секундта нокаутпен жеңген боксшы Тұрсынбай Құлахмет қанша гонорар алады? 
Қарсыласын 70 секундта нокаутпен жеңген боксшы Тұрсынбай Құлахмет қанша гонорар алады? 
5,115
оқылды

Sports.kz-тің жазуынша, қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет жекпе-жегі үшін 210 000 доллар гонорар алды.

Ол небәрі 70 секундта қарсыласы Эбер Рондонды нокаутпен жеңген болатын. Боксшы WBC International бойынша І орта салмақта чемпион белдігін сақтап қалды.

Бұған дейін Тұрсынбай Құлахметтің ешкімнен жеңіліп көрмеген венесуэллалық боксшыны 70 секундта құлатқан видеосын жариялаған болатынбыз.