Sports.kz-тің жазуынша, қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет жекпе-жегі үшін 210 000 доллар гонорар алды.
Ол небәрі 70 секундта қарсыласы Эбер Рондонды нокаутпен жеңген болатын. Боксшы WBC International бойынша І орта салмақта чемпион белдігін сақтап қалды.Бұған дейін Тұрсынбай Құлахметтің ешкімнен жеңіліп көрмеген венесуэллалық боксшыны 70 секундта құлатқан видеосын жариялаған болатынбыз.